Петицияның дауыС беру парағына қош келдіңіз!
Сіздің берген дауысыңыз біз үшін маңызды!
Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII Заңының 15 бабындағы «Экологиялық апат салдарынан зардап шеккен адамдарға берілетін қосымша өтемдер мен жеңілдіктер» бөлімінің алынып тасталған немесе күші жойылған «Мүгедектер мен зейнеткерлердің зейнетақысына қосылатын 1,5 және 1,3 коэффициенті» қайтарылсын;
Зейнетке шығарда бұл үстемеақылар (коэфициенттер) есепке алынбайды. Сол есепке алынсын;
Экологиялық апат аймағы, дағдарыс аймақтарында орналасқан халық үшін табысына, соның ішінде Ақтөбе облысының Ырғыз, Темір, Байғанин, Мұғалжар және Ұлытау облысының Ұлытау аудандары халқы үшін экологиялық үстеме ақы пайызы 20 пайыздан 30 пайызға көтеру;
мүгедек болып қалған адамдарға, асыраушысынан айрылған отбасыларға шеккен зияны үшiн берiлетiн бiр жолғы өтемақы;
мүгедектерге сауықтыруға арнап берiлетiн жыл сайынғы жәрдемақы;
емдеу және санаторий үлгiсiндегi мамандандырылған балалар мекемелерiнде балаларды жыл сайын тегiн сауықтыруға;
коммуналдық қызмет, электр қуаты, газ, жылу үшiн төленетiн ақыны 50 және 25 процентке кемiтуді;
жеке немесе кооперативтiк тұрғын үй салуға процентсiз несие алып, оның 50 процентiн өтеу баптары кейін қайтарылып, Күшіне енсін.
жыл сайын ақы төленетін қосымша демалыс (еңбектің зиянды жағдайында жұмыс істегені үшін берілетін демалыстың үстіне):
экологиялық апат аймағы бойынша - 12 күнтізбелік күн;
экологиялық дағдарыс аймағы бойынша - 9 күнтізбелік күн;
экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ бойынша - 7 күнтізбелік күн беру тармақшалар Заңда көрсетілгендей жүзеге асырылсын.
ДАУЫС БЕРУ.
Сіздің дауысыңыз халық үшін маңызды!